RU

Тоқаев Ливаннан қазақстандық бітімгерлердің аман-есен елге оралғанын хабарлады

Мемлекет баcшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ливаннан елге қазақстандық бітімгерлердің алғашқы тобы аман-есен оралғанын хабарлады. Бұл туралы президент өзінің twitter парақшасында жазған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кадр видеодан
Кадр видеодан: UGC
"Бітімгершілік миссиясымен Ливанда игілікті істерін табысты аяқтаған БҰҰ-ның алғашқы қазақстандық тобы аман-есен елге оралды. Бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздік жолында Қазақстан мен БҰҰ ынтымақтастығы арта береді", - деді ел президенті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қорғаныс министрлігі 120 қазақстандық бітімгердің міндетін орындап, Ливаннан елге оралғанын хабарлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1794728-tokaev-livannan-kazakstandyk-bitimgerlerdi-aman-esen-elge-oralganyn-habarlady.html