RU
Алматы облысында із-түзсіз кеткен аруды 40-тан аса адам іздеп жатыр (фото, видео)
Жаңалықтар Қоғам

Алматы облысында із-түзсіз кеткен аруды 40-тан аса адам іздеп жатыр (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Полицейлер, құтқарушылар, еріктілер мен жақындарынан құралған топ алтыншы тәуліктен бері табылмай жатқан 18 жастағы Айгүл Амангелдіні іздестіріп жатыр. Бұл туралы Алматы облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Айгүл Амангелді. Фото: Volontery_almaty_LIDER.KZ және Алматы облысының баспасөз қызсеті

Айгүл Амангелді. Фото: Volontery_almaty_LIDER.KZ және Алматы облысының баспасөз қызсеті

Бойжеткен 13 мамыр күні Алматы облысы Белбұлақ ауылындағы үйінен шығып, Алматыдағы оқуына бағыт алған. Студенттен содан бері хабар жоқ

Талғар ауданының полция бөліміне оның жоғалып кеткені жайлы арыз түскен бойда тәртіп сақшылары ауқымды іздеу жұмыстарын ұйымдастырған. Олардың құрамына облыстық полиция департаментінің қызметкерлері, құтқарушылар, "Лидер" қоғамдық ұйымының еріктілері және "Қоғам" жасағы кірген.

Фото: Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі

Фото: Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі

Сонымен қатар із-түзсіз кеткен аруға халықаралық іздеу де салынған. Оның суреті мен сыртқы сипаттамасы БАҚ беттері мен адамдар көп жиналатын қоғамдық орындарға, әлеуметтік желілерге және барлық полиция бөлімшелеріне таратылған.

"Іздестіру жұмыстары бірнеше тәуліктен бері тоқтатылған жоқ. Полиция белсенді адамдармен және қыздың туыстарымен бірігіп жақын маңдағы барлық елді мекендегі үй-үйді аралап шығуды ұйымдастарды.
Оның сипаттама белгілері Алматы қаласы және Алматы облысының жазатайым оқиғалар бюросына енгізіліп тексерілді. Такси жүргізушілері, маршруттық автобус, автобекеттер мен кафелер тексерілді.
Күн сайын іздеу жұмыстарына ондаған адам қосылуда. Іздеу жұмыстарына арнайы техника мен ІІМ кинологиялық орталығының қызметтік-іздеу иттері тартылған.
Бүгін іздеу жұмыстарына учаскелік инспекторлар мен қылмыстық полициясының іздеушілерінен құралған шамамен 30 тәртіп сақшысы, 20-ға жуық қоғамдық белсенділер тартылды. Олардың арасында атпен жүргендер сонымен қатар әкесі мен ағалары бар. Қазіргі таңда іздеу жұмыстары Белбұлақ ауылының таулы жерлерінде жүргізілуде", - деп хабардар етті Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі.
Фото: Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі

Фото: Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі

Еске сала кетейік, Айгүл Амангелдінің бойы: 165-70 см, орта денелі. Шашы-сарғылт, көзі көкшіл-сұр. Бет-әлпеті дөңгелек, қасы қара түзу.

Бойжеткеннің үстінде ақ жейде, көгілдір джинс шалбар, ақ және алтын түстес аяқ киім мен рюкзак іспеттес қоңыр былғары сөмке болған.

Тәртіп сақшылары Айгүлді көрген немесе оған қатысты қандай да бір ақпарат білетін жан болса төмендегі нөмірлерге хабарласуын сұрайды: +7 7282 600 232, +7 7282 600 233, +7 727 295 61 05, +7 727 295 63 96 немесе 102.

Сіздің реакцияңыз
1
4
2
7
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel