RU
Алматыда жасөспірім үш жасар баланы қағып кетті
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда жасөспірім үш жасар баланы қағып кетті

Рассказать Вконтакте

Алматыда көлік тізгініне отырған жеткіншек үш жасар баланы қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы Наурызбай ауданындағы Ақжар шағын ауданында болған деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото: Sputnik / Стрингер

Фото: Sputnik / Стрингер

Басылымның мәліметінше, Молдағалиев көшесімен жүріп келе жатқан С-класты Mercedes жүргізушісі жолды кесіп өтпек болған баланы көрмей, қағып кеткен.

Түрлі жарақат алған бүлдіршін жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген.

Оқиға орнына келген жол полицейлері көлік тізгінінде кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім отырғанын анықтады.

Қазір полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Сіздің реакцияңыз
0
3
1
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel