RU

Өскеменде 20 жастағы бойжеткен 8 мамырдан бері табылмай жатыр (фото)

Өскеменде 20 жастағы бойжеткен жоғалып кетті. Мөлдір Сәрсеновадан 8 мамырдан бері хабар жоқ деп хабарлайды Алтайньюс.

Фото: altaynews.kz
Фото: altaynews.kz: Depositphotos

Басылымның мәліметінше, із-түзсіз кеткен ару үйінен шығып, Аблакетка ауданына бармақ болған екен.

Немере әпкесі Жадыраның айтуына қарағанда, Мөлдір Сәрсенованың үстінде "Reebok" күрте, қою көк джинс шалбар және аяғында сұр кросовка болған.

Бірақ ол құжаттары мен ұялы телефонын алып шықпаған.

 Еегр Мөлдір Сәрсеноваға қатысты қандай да бір ақпарат білсеңіз: 8-705-205-32-81 нөмеріне немесе 102-ге хабар беріңіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1794754-skemende-20-zastagy-bojzetken-8-mamyrdan-beri-tabylmaj-zatyr-foto.html