Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтандағы жасанды көлдің жағдайы қала қонағын шошытты (фото)

Опубликовано:

Нұр-Сұлтанда осыдан бірер жыл бұрын пайдалануға берілген "Ботаникалық бақтағы" жасанды көлдің жағдайы мүшкіл. Бақтың қақ ортасында орын тепкен су бетін балдыр мен қоқыс басып қалған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Нұр-Сұлтанда қаланың қақ ортасында бой көтерген ботаникалық бақтағы жасанды көл қоқыс пен балдырдың астында қалған. Осыдан бірер жыл бұрын ғана пайдалануға берілген жасанды су сондай-ақ күн санап тартылып келе жатыр. Шаһар меймандары аз уақытта аталмыш мәселені шешпесе, шетелдік қонақтардың алдында ұятқа қаламыз дейді.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original
"Былтыр жазда елордаға келгенбіз. Бірақ бақты түн уақытында аралаған едік. Сонда мына жасанды көлді көріп мәз болғанбыз. Айтары жоқ, өте әдемі етіп жасаған. Бірақ биыл көлдің жағдайын көріп, көңіліміз су сепкендей басылды. Суы тартылып, бетін балдыр мен қоқыс басып қалған.
Әрине ағынды су емес, бір орында тұрған соң, балдыр пайда болатын да шығар. Бірақ аз да болса бетіндегі қоқысты тазартып, тым құрыса біз сияқты басқа қаладан келетін қонақтардың алдында ұятқа қалмайындай етіп қою керек еді. Бізден бұрын, шетелден қонақтар келсе, ұятқа қаламыз емес пе?", - дейді Шымкенттен келген меймандар.
Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Сондай-ақ олар бақтың кей тұстары әлі күнге дейін қаңырап бос тұрғанын алға тартты.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

"Кей жерлері тіпті топырақ күйінде жатыр. Астананың қатты желінен болу керек, ағаштардың да біразын байлап қойған. Оңтүстікте мұндағы сияқты қатты жел болмайды, бізге ол енді таңсық көрінді. Бір жақсысы кірер тұста газондарды қазақы ою кейпінде төсеп қойған екен. Оның өзі қайда жатыр?", - деді оңтүстік тұрғындары

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1794764-nr-sltanda-milliondagan-karzyga-salyngan-zasandy-sudy-zagdajy-kala-konagyn-sosytty-foto/

pixel