RU

Шымкенттегі нөсер жаңбырдан тұрмыстық техника дүкенін су басып қалды (видео)

Шымкентте нөсер жауған жаңбыр салдарынан тұрмыстық техника дүкенін су басып қалды деп хабарлайды Оtyrar.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Facebook

Басылым жариялаған видеодан дүкеннің төбесінен жаңбыр суының сорғалап ағып жатқанын көруге болады.

Сауда үйінің қызметкерлері тұрмыстық техникаларды жауыннан қорғау үшін олардың бетін жауып, жанталасып жатқаны да байқалды.

Желі қолданушылары "дүкеннің шығындарын кім өтеп береді", "техникаларды қалай кім қалпына келтіреді" деген сияқты сұрақтарын жаудырған.

Олар "тауарлар кез келгеннің қолында кетіп қалмаса екен" деп алаңдайтындарын да жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1794786-symkenttegi-nser-zabyrdan-trmystyk-tehnika-dkenin-su-basyp-kaldy-video.html