RU
Ақтөбелік имам көп балалы әкелердің алдында басын иді (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбелік имам көп балалы әкелердің алдында басын иді (фото)

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе қаласы мешітінің имамы Амантай Садиев көпбалалы әкелерге ауызашар берді. Жүзге жуық адамға арналған дастарханға көп бала тәрбиелеп отырған батыр әкелер мен мүгедек бала өсіріп отырған қамқор әкелер шақырылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

"Кейбір жігіттер бар астында тағы болса да басында бағы жоқ. Тәттіге қарны тоқ боғанымен, жүрегі иманнан жұрдай адамдар қаншама! Астыңда тақ болмаса да басыңда бақ болғанға не жетсін. Ұл-қыздарыңызды тәрбиелі, саналы етіп өсірген сіздерге Алла риза болсын. Сіздер осынау бейбіт елдің дамуына үлес қосып отырған азаматсыздар. Сіздерден көрген мейірімді, алған тәрбиені, көргені бар бала ғана ел дамуына үлес қоса алады. Сіздер барлық құрметке лайық әкесіздер", - деді имам Амантай Садиев.
Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Өз кезегінде әкелер де дін өкілдеріне алғысын жаудырды.

"Атың барда ел таны желіп жүріп, асың барда ел таны беріп жүріп, әкең барда сөз таны еріп" жүріп деген бар. Ел ерге қарағанда, ер жерге қарамасын. Ер азамат атына сай болсын. Қазақ халқы үшін әкенің рөлі қашан да биік. Әкелерге көрсетіп жатқан құрметіңізге ел риза. Ұрпаққа айтып емес, көрсетіп үлгі болайық. Барлықтарыңыдың оразаларыңыз қабыл болсын", - деді Айшуақ Дәрменұлы.
Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Шараға қатысушылар халықтың бірлігі мен ынтымағы үшін дұға оқып, әр отбасына береке-бірлік тілеп тарасты.

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Сіздің реакцияңыз
2
0
1
0
0
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel