RU
Роналду Италия чемпионатының ең құнды ойыншысы атанды

Роналду Италия чемпионатының ең құнды ойыншысы атанды

Рассказать Вконтакте

"Ювентус" клубының шабуылшысы және Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналду Италия чемпионатының 2018/19 маусымындағы ең құнды футболшысы атанды. Бұл туралы Eurosport.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Шетелдік БАҚ-тың жазуынша, рейтингті жасау кезінде Серия А, Италия кубогі мен Суперкубогі ескерілген.

Танымал футболшы тізімде көш бастап "құнды ойыншы" атағынан қол жеткізді.

34 жастағы Роналдуға жүлде "Ювентус" пен "Аталанта" арасындағы ойын алдында табысталған.

Айта кетейік, футболшы осы маусымда Италия чемпионатында 30 ойын өткізіп, 21 гол соғып және 11 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel