RU
"Қызым бар": Ержан Максим сүйіктісінің бар екенін айтты (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Қызым бар": Ержан Максим ғашығы жайлы айтты (видео)

Рассказать Вконтакте

Ресейлік "Голос. Дети" байқауы арқылы танылған қазақстандық жас талант Ержан Максим өзінің құпиясымен бөлісті. "Түнгі студия" бағдарламасына келген жеткіншек ғашығының барын айтқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ержан Максим. Фото: Түнгі студия бағдарламасының желідегі парақшасынан

Ержан Максим. Фото: Түнгі студия бағдарламасының желідегі парақшасынан

Бағдарлама жүргізушілері мен көрермендерді күлкіге қарық қылған 11 жасар жеткіншек өзі жақсы көретін қыздың есімін құпия қалдыруды жөн санаған.

"Мен қызға қарамаймын. Бірақ өзімнің қызым бар. Есімі құпия болсын. Менің жасым 11-де, оның жасы 10-да", - деді Ержан Максим.

Ал бағдарлама жүргізушісі Қайрат Әділгерей Ержан Максимге сүйіктісінің есімін айтқызбақ болып, қулық жасағанынан ештеңе шықпаған.

"Аты секрет. Құпия. Сәлем. Біледі ғой, қарап отыр ғой", - деп күлді жеткіншек.

Естеріңізге сала кетейік, Ержан Максим алдағы уақытта ресейлік композитор Игорь Крутойдың музыкалық академиясынан білім алмақ.

Сіздің реакцияңыз
5
1
1
1
0
13
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel