RU

Тойының алдында өзінен бес жас үлкен жанды сүйіп қалған азамат елден кеңес сұрап отыр

Таяуда отбасын құруды жоспарлап жүрген жас жігіт басқа жанды сүйіп қалғанын айтып, жан сырын ақтарды. Есімін атағысы келмеген 29 жастағы ер азамат өз басындағы жағдаймен Instagram-дағы velikolepnyi_kazakhstan парақшасында бөліскен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: nsb.stylewedding.tv
Фото: nsb.stylewedding.tv: UGC

Той күні жоспарланып қойған жігіт күтпеген жерден өзінен бес жас үлкен аруға ғашық болып қалғанын айтып, жұрттан кеңес сұрады.

"Бір айдан соң тойым болғалы отыр. Қыз өте тәрбиелі, мінезі де жақсы. Бірақ мен өзімнен бес жас үлкен жанды шын сүйіп қалдым. Не істесем болады? Уәде еткен жанға үйленіп, бақытсыз болған дұрыс па? Әлде сүйгеніме қосылғаным абзал ма?", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1794826-tojyny-aldynda-zinen-bes-zas-lken-zandy-sip-kalgan-azamat-elden-kees-srap-otyr.html