Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тамара Асардың әкесі өмірден өтті

Опубликовано:

Танымал әнші Тамара Асардың әкесі дүние салды. Асартегі Қалнияз қажы Жанқұлов жайлы суыт хабарды көпшілікке Ғаділбек Жаңай естіртті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тамара Асар, Қалнияз қажы Жанқұлов. Фото: Әншінің жеке парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Тамара Асар, Қалнияз қажы Жанқұлов. Фото: Әншінің жеке парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram
"Тамара Асар әпкемнің әкесі Қалнияз көкеміздің өмірден өтуіне байланысты қайғырып көңіл айтамыз! Иманы саламат болсын", - деп жазды Ғаділбек Жаңай Instagram парақшасында.

Өнер иелерінің көпшілігі әріптесінің қайғысына ортақтасып, желідегі парақшаларында көңіл айтқан.

Айта кетейік, Қалнияз қажы емшілік, сынықшылық қасиетімен мыңдаған адамдарға шарапатын тигізген. Әншінің әкесі 2017 жылы "Жыл емшісі" медалімен марапатталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1794835-tamara-asardy-kesi-mirden-tti/

pixel