Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайда ит тірідей жерленген сәбиді аман алып қалды (фото)

Опубликовано:

младенец и собака
Фото: goodnewsanimal.ru: UGC

Қытайдағы Цзянцзинь қаласында ит тірідей жерленген балақайды иісінен сезіп, оны аман алып қалған деп хабарлайды goodnewsanimal сайтана сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Үй жануары жер астында жатқан сәбиді байқап қалып, қаза бастаған. Нәресте шамамен бір ай бұрын дүниеге келген. Ол бірден ауруханаға жеткізілді.

Сәбидің дене қызуы төмендеп, жүрек соғысы әлсіреген, ал аузы топыраққа толып қалған.

Қазір нәресте дәрігерлердің қарауында. Оның денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Полицияның болжамынша, сәбидің ата-анасы оны өлді деп ойлап, жерлеп кетуі мүмкін. Қызметкерлер балақайдың ата-анасын іздестіруде.

Кейіннен олардың ата-аналық құқығы жайлы шешім қабылданатын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1794848-kytajda-it-tiridej-zerlengen-sbidi-aman-alyp-kaldy-foto/

pixel