RU
Қазақстандық жұлдыздар Рамазан айында ауыл имамына көлік мінгізді (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстандық жұлдыздар Рамазан айында ауыл имамына көлік мінгізді (видео)

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық эстрада жұлдыздары Рамазан айында Шамалған ауылы имамына көлік мінгізді. Бұл туралы Ерғали Әбдірайымов өз Instagram парақшасында жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеода "Жігіттер" тобының продюсері Жайсанғали имамға көлік табыстайтынын айтады.

"Біз бүгін осында жиналып отырған өнер қауымдары Жайсанғали деген бауырымызды қанша жылдан бері білеміз. Қолдан келгенше елге қызмет етіп жүрген азаматтың біреуі. Сол киелі Ораза айында біз ниет етіп, өнер адамдары жиналып, бір көлікті сыйлық ретінде ұсынсақ", - дейді Әбдірайымов.

Көлік кілтін имамға Мұқасан Шайзадаев табыстаған.

"Жәкеңді біраз жылдан бері өзіміз білеміз. Шын мәнісінде, бір қазақтың баласы болса, осы Жәкеңдей-ақ болсын. Жүрегімен таза Алла Тағаланың құлы болып, қазақ еліне, қазақтың баласына жасап жүрген еңбегі, ниеті дұрыс. Игілігіңізге мініңіз", - деді ол.

Сыйлыққа разы болған ауыл имамы қуаныштан көзіне жас алып, өнер адамдарына Алла разылығын тіледі.

Сіздің реакцияңыз
2
2
1
0
2
10
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel