RU
"Ешкім ұрлаған жоқ": Бүркіт Аиша екеуі туралы тараған қауесетке нүкте қойды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Ешкім ұрлаған жоқ": Бүркіт Аиша екеуі туралы тараған қауесетке нүкте қойды

Рассказать Вконтакте

Бүркіт ел арасында Аиша екеуі жайлы тарап кеткен алып-қашпа әңгімеге қатысты пікір білдірді. Әнші өзінің жарын әлдекімнің ұрлап кеткені жөнінде қауесетті жоққа шығарды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Шоу-бизнес жұлдызы халық арасында өз отбасы туралы айтылып жатқан толассыз әңгімелерге нүкте қойды.

Елдің сөзінен мезі болған Бүркіт өзінің Instagram парақшасында осы тақырып аясында арнайы жазба қалдырған.

"Көптен бері жазғым келіп жүр еді, бірақ. Үндемегеннен кейін адамдар ойлап қалмасын мынау рас екен деп, сосын жазып отырмын.

Қадірменді көпшілік, біраз уақыттан бері , Аишаны біреу ұрлап кетіпті, сосын Бүркіт біреулермен атысыпты, сосын зорға дегенде қайтарыпты деген әңгіме-өсек қайдан шықты екен?!

Айналайындар, фантазия деген ұрып тұр екен ! Бұл ойнайтын әңгіме емес! Біздің беделімізді түсіргісі келген ойменен біреудің ойдан құрастырған өсегі үшін сол пендеге Аллаһ осы қасиетті Рамазан айында кешірімін берсін!

Біз басында оған қатты мән бермеген едік, бірақ барған сайын болған оқиға ұқсатып естіген жұрт алып бара жатыр!

Масқара!!! Құрметті достар, әйелімді ешкім ешқашан ешқайда ұрлаған емес!

Біреудің артынан өсек айтуға мәстерміз ғой! Тағы да қайталаймын, осындай кір, надан,жүйкесі тозған біреулер шығарған әңгіменің аяғы осы болсын! Құдайдан қорқыңыздар!
Аллаға шүкір 2 ұл, 1 қызымыз бар! Біз бақытты отбасыларының біріміз! Осы әңгімені естігенде денеміз түршігеді. Басқалардың атын қаралауды қойыңыздар! Ниеттеріңіз түзу болсын! Сабырлық берсін Алламыз! ", - деп жазды әнші.

Сіздің реакцияңыз
4
1
2
0
3
6
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel