RU
Төсін жалаңаштап танылған Динагүл Тасова ел алдына қазақша киініп шықты (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Төсін жалаңаштап танылған Динагүл Тасова ел алдына қазақша киініп шықты (фото)

Рассказать Вконтакте

Осыдан біраз уақыт бұрын төсін жалаңаштаған суретімен желіні шулатқан Динагүл Тасова енді көпшіліктің ризалышығына бөленді. Модель бикеш ұлттық киіммен түскен фотосын Instagram парақшасына жүктеген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Динагүл Тасованың жеке парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Динагүл Тасованың жеке парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

"Ана тілің - арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте", - деп модель Қадыр Мырза Әлінің жыр жолдарын жазып қойған.

Ал желі қолданушылары Динагүл Тасованың сұлулығына сүйсініп қалғандарын жасырмады.

"Өте әдемісің", "Керемет", "Сіз кез-келген жағдайда сұлусыз", "Осындай киіммен әлдеқайда әдемі көрінесіз" деп желідегілер өз пікірлерін білдірген.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында Динагүл Тасова елордадағы сән көрсетілімі кезінде төсі көрініп тұратын көйлек киіп шыққан болатын.

Содан кейін бойжеткенге көп сын пікір айтылған. Тіпті арудың ағалары оған қатты ренжіген. Сол үшін оны кездесіп жүрген жігіті соққыға жықты.

Содан кейін ару енді төсін жалаңаштап шықпайтынын мәлімдеген болатын.

Алайда биылғы жылдың сәуірінде атышулы модель подиумда тағы да төсін көрсетті.

Сіздің реакцияңыз
5
1
0
0
0
9
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel