Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сахнаны сыйлауы тиіс": Белгілі ғалым Қабатовың сөйлеу мәнерін сынға алды

Опубликовано:

Профессор Шерубай Құрманбайұлы кейбір тележүргізушілер мен танымал әзілкештердің ел алдында сөйлеу мәнерін сынады. Отандық ғалым көпшілікке танымал Тұрсынбек Қабатов пен Нұрлан Қоянбаевтың сөз саптауы туралы жазылған мақаласына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Шерубай Құрманбайұлы, Тұрсынбек Қабатов. Фото:Sputnik / Дәурен Ерболат, әзілкештің жеке парақшасы. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Шерубай Құрманбайұлы, Тұрсынбек Қабатов. Фото:Sputnik / Дәурен Ерболат, әзілкештің жеке парақшасы. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram
"Нұрлан Қоянбаев пен Тұрсынбек Қабатовты сырттай танығаным болмаса, бетпе-бет кездесіп, сөйлескен емеспін. Олармен алты аласым, бес бересім жоқ.

Тіл маманы ретіндегі мақаламда олардың сөйлеу мәнеріндегі кемшіліктерді ғана айттым. Алайда қазіргі "жұлдыздар" мамандар сөзіне аса құлақ аса бермейтін сияқты.

Қазір Қоянбаев арнадан кетті-ау деймін. Ал Қабатов әлі жұмыс істеп жүр.

Қазіргі уақытта теледидарды өте сирек көремін. Оған уақыт жоқ.

Қабатовтың хабарларын сүйсініп қарайтындар қатарынан емеспін. Бір көзің шалып қалғанда, әзілкештің тілі жақсарып кеткенін байқамайсың.

"Жатырған" секілді жергілікті сөздерді, жаргондарды немесе орыс сөздерін араластырып сөйлеп жатады.

Ол ғана емес, ел алдында шыққан соң, кім де болса, әдеби тіл нормаларын сақтап, көпшілікті, сахнаны сыйлауы тиіс қой. 

Телеарналар бұл істе жұртқа үлгі болуы керек еді, әзірге олай болмай тұр", – дейді Шерубай Құрманбайұлы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1794899-sahnany-syjlauy-tiis-belgili-galym-kabatovy-sjleu-mnerin-synga-aldy/

pixel