RU
"Сындырасың": Балдырғанға мініп алған Жігер Ауыпбаевқа жұрт ұрысып тастады
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Сындырасың": Балдырғанға мініп алған Жігер Ауыпбаевқа жұрт ұрысып тастады

Рассказать Вконтакте

Жігер Ауыпбаев балдырғанға мініп алған суретін жүктеп, ел арасында қызу талқыға түсті. Желі қолданушылары кішкентай балаларға арналған велосипедке отырып алған әншіге шүйліккен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/jiger_auypbaev_official. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/jiger_auypbaev_official. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

"Меломен" тобының бұрынғы әншісі балдырғанға отырған фотосын Instagram парақшасында жариялап, оған қатысты арнайы жазба қалдырған.

"Балалық шаққа саяхат. Балдырған деген "белесебет" қой. Кімнің есінде? Бұдан үлкендерін теуіп жүріп цепьке шалбардың балағы оратылып қалып,талай балақты жыртқан едік. Кама, Салют, Урал тағы қандай түрлері бар еді" , - деп жазған Ауыпбаев.

Әншінің жазбасы желі қолданушылар арасында түрлі пікірге ие болды.

Бірі оның суреті күлкіге қарық қылғанын жазса, енді бірі Жігер Ауыпбаевқа балдырған сынып қалуы мүмкін екенін ескертіп, сынға алған.

"Бөпе болып отыр ғой. Өлдім күлкіден" , "Дәу еркектің кіп-кішкентай велосипедке отырғаны күлкілі көрінеді екен" , "Велик сынып қалмасын, абайлаңыз" , "Жандостың велосипедін таба алмай жүрсек, сізде екен ғой " , "Түс, сындырасың. Енді сен үлкенсің" , "Отырысыңыз жайлы болсын" , "Салмағыңыз қанша? Ұялмайсыз ба?" , "Мынаған калай сыйып отырсыз. Мен сыймақ түгілі ырымы да жасалмайды ғой" , - деп жазуда желідегілер.

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel