RU
Ернар Айдар ауызашар алдында қандай күйде болатынын көрсетті (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Ернар Айдар ауызашар алдында қандай күйде болатынын көрсетті (видео)

Рассказать Вконтакте

Ернар Айдар желі қолданушыларына ауызшарға бес минут қалғанда қандай күйде болатынын көрсетті. Әншінің видеосы көпшілікті таңғалдырып, күлкіге қарық қылған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Шоу-бизнес жұлдызы ауызашарға санаулы минут қалғандағы түрін өзінің Instagram парақшасында жариялады.

Әнші Snapchat қосымшасы арқылы кішкентай баланың кейпіне еніп, арнайы видео түсірген.

"Мына баланың қуанышында шек жоқ" , - деп жазған ол.

Ернар Айдардың жүктеген бейнеролигі желіде қызу талқыға ұласты. Оқырмандардың бірі оның қылығына күліп жатса, енді бірі ауызашарды мазақ қылғаны үшін сөгіп тастаған.

"Мына бүлдірші Ернар бауырымыздан аумайды екен" , "Тәттісің ғой, күлкім келіп кетті", "Шығар майтының жоқ, әзіл өтті" , "Таппайтындары жоқ осылардың. Қатырдың, расымен осындаймыз ғой ауызашар алдында" , "Енді ауызашар да мазақ болып кеткен бе?" , "Алла сақтасын мыналарды, ойнайтын нәрсе тауыпты" , "Енді қалғаны ауызашар мен ораза екен ғой" , "Әншілерге дауа жоқ. Оразада мұндай жасаған ұят" , - деп жазуда желі қолданушылары.

Сіздің реакцияңыз
1
0
1
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel