RU

Атырау облысы мен қалалық полиция басшылығы даулы видеодан кейін жазаланды

Бес полицей қызметінен босатылып, Атырау облысы мен Атырау қаласының полиция басшылығы жазаланды. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Атырау облысы мен Атырау полициясының басшылығы даулы видеодан кейін жазаланды
Фото: Петр Карандашов/NUR.KZ: Twitter

БАҚ-та Атырау облысы полиция батольонының қызметкерлеріне қатысты жарияланған видео материал бойынша ІІМ өкілдері оқиға орнына барып, қызметтік тергеу жүргізді.

Тексеру нәтижелері бойынша "Жол қозғалысы" заңын және ведомство бұйрығын бұзып, себепсіз көлікті тоқтатқандары үшін батальонның үш қызметкері лауазымдарынан айырылды.

Сондай-ақ, жеке құрамды бақылай алмағаны үшін аталмыш бөлімшенің командирі және Атырау қаласының полиция басшысы қызметтерінен босатылды.

Атырау қаласы полиция басқармасының басшысы, облыстық жергілікті полиция қызметі және облыстық жетекші полиция департаменті басшысының орынбасары қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1794927-atyrau-oblysy-men-kalalyk-policia-bassylygy-dauly-videodan-kejin-zazalandy.html