Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Президент пір емес": Зеленский кабинеттерге өз суретін ілуге қарсы шықты

Опубликовано:

Украинаның жаңа басшысы Владимир Зеленский шенеуніктерге өз кабинеттерінде президент суретін ілуді доғару қажеттігін айтты. Бұл туралы ол ұлықтау рәсімі кезінде мәлімдеме жасады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: pershyj.com
Фото: pershyj.com: UGC

Украина басшысы шенеуніктердің жұмыс орнынан өз суретін көргісі келмейтінін баса айтты.

Оған қоса, Зеленский президенттің орнына кімнің фотосын қою керектігі жөнінде кеңес берді.

"Сіздердің кабинеттеріңізде менің суретім болғанын қаламаймын. Өтінемін, менің портретім болмау керек. Себебі президент - пір емес, портрет емес. Оның орнына өз балаларыңның суретін іліп қойыңдар. Әрбір шешім қабылдар алдында солардың көзіне қараңдар" , - деді Зеленский.

Сонымен қатар, ол уакраиналықтардың күліп жүруі үшін бәрін істейтінін жеткізді.

Айта кетейік, бүгін Владимир Зеленский ресми түрде Украинаның президенті атанып, ант қабылдады. Оған қоса, ұлықтау рәсімі кезінде ол Жоғарғы раданы таратып жіберді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1794928-prezident-pir-emes-zelenskij-kabinetterge-z-suretin-iluge-karsy-sykty/

pixel