RU
"Мисс Қазақстан" өзін "титулды сатып алды" деп сынайтындарға жауап берді
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Мисс Қазақстан" өзін "титулды сатып алды" деп сынайтындарға жауап берді

Рассказать Вконтакте

"Мисс Қазақстан - 2019" атанған Мәдина Батық өзінің алдағы жоспарларымен бөлісті. Оның қазіргі басты мақсаты - "Әлем аруы" байқауында Қазақстан намысын лайықты қорғап шығу деп жазады Zakon.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Мәдина Батықтың қазір әр күні минутына дейін есептеліп қойған.

Түсірілім арасында Алматыға келген бойжеткен Instagram парақшасының тікелей эфирінде шағын сұхбат берген.

"Мисс Қазақстан" титулдың құны мен қарсыластарымен қазіргі қарым-қатынасы туралы айтып берді.

Мәдинаның айтуынша, "Мисс Қазақстан" титулы оған күн-түн демей еңбектенудің арқасында келген.

Тіпті ол байқауға дайындық барысында уайымнан 4 келі салмақ тастап, арықтап кетіпті.

"Маған титулды сатып алдың" дегендері ауыр тиеді. Мен оны сатып алған жоқпын. Мен оған лайық болдым", - деді Мәдина Батық.

Естеріңізде болса, Қазақстанның басты аруын 2 мамыр күні телекөрермендердің дауыс беруі арқылы анықтаған.

Мәдинаның айтуынша, ол байқаудан кейін қарсыластарының көзқарасының өзгергенін байқамапты. Бойжеткен байқауға қатысушылардың барлығы бір-біріне қолдау білдіріп, оның жеңісіне қуанған.

Сондай-ақ, Мәдина Батық қазіргі уақытта алдына қойған мақсаты - 7 желтоқсан күні Бангкокте өтетін "Әлем аруы" байқауында Қазақстанның намысын қорғау екенін жасырмады.

Осы мақсатта ол ағылшын тілін дамытып жатыр.

Айта кетейік, түрлі қауесетке қарамастан, желі қолданушылары Мәдина Батыққа қолдау білдіруде.

"Өте әдемі қыз", "Сіздің ару атанғаныңызға қуаныштымын", "Қасыңыз, көзіңіз, шашыңыз керемет", "Әлем аруы" атағын да жеңіп алатыныңызға сенеміз" деп жазды желідегілер.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel