RU
Өмірқұл Айниязов 1 млн теңгеге шапан тіктіргенін айтты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Өмірқұл Айниязов 1 млн теңгеге шапан тіктіргенін айтты

Рассказать Вконтакте

Жыл сайын ән кешін өткізіп, сол үшін арнайы тапсырыспен бірнеше киім тіккізетін әнші Өмірқұл Айниязов өзінің құпиясымен бөлісті деп жазады "НТК" арнасының "Опмай" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Сахнаға қай кезден шықсам, сол кезден бастап бәрі арнайы киім киетінімді біледі деп ойлаймын. Менің киімдерімнің бағаларын да айтып жүрмін.

Соңғы уақытта Жадоға бір млн теңгеге дейін шапан тіктірдік. Бағасында тұрған ештеңе жоқ. Ең бастысы жарасымды болуы керек. Сондай-ақ, қайталанбағаны дұрыс.

Мен енді жасырмаймын, Талдықорғандағы салонда тіктіремін. Он жылдан бері, қандай түс болсын, ұзынды-қысқалы, қолдан жабыстырылған тастары бар киімдер... Өнер адамы болғаннан кейін оның барлығы керек дүние", - деді Өмірқұл Айниязов.

Естеріңізге сала кетейік, Өмірқұл Айниязов өткен жылы Алматыдан үш қабатты зәулім үй салған болатын. Әншінің хан сарайындай үйінің құрылысы екі жылға созылған.

Сонымен қатар, әнші осыдан бір ай бұрын әкесінің 63 жасқа толған туған күнін дүркіретіп атап өтті.

Сіздің реакцияңыз
4
1
3
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel