RU
"Кешіп жүрдік": Нөсерден соң үйлерін су басқан шымкенттіктер шу шығарды (фото, видео)
Жаңалықтар Қоғам

"Кешіп жүрдік": Нөсерден соң үйлерін су басқан шымкенттіктер шу шығарды (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Шымкент қаласында демалыс күні жауған нөсер салдарынан Назарбаев даңғылының бойында орналасқан көп қабатты тұрғын үй пәтерлерінен жауын суы сорғалады. Үшінші мегаполистің әкімшілік іскерлік орталығындағы бұл үйлер 3-4 жыл бұрын ғана пайдалануға берілген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Тұрғындардың айтуынша, тоғызыншы қабаттағы пәтерлерден төпелеген жаңбыр суы төртінші қабатқа дейін сыздықтаған көрінеді.

"Бұл үйге көшіп келгенімізге енді 3 жыл болады. Қыстың соңы, көктемнің басында қар суы төбемізден ағып, бар бөлменің түсқағазының түгін қалдырмап еді.

Енді, міне, сәл нөсерден төбеден төпелеп су ақты. Қалалық әкімдікке шағымдандық. Олар бір айдан соң мердігер компания жөндеп береді деген. Бір ай өтті. Жым-жырт.

Сотқа арыз түсіремін дегенмін. Пәтеріміздің жөндеуінен түк қалмады. Төбемізден тура бар тесіктен су ағып, пәтерде жаңбыр суын кешіп жүрдік. Жиһаздарымыз да быт-шыт болды.

Бүгін қалалық әкімдіктен адамдар келіп кетті. Жөндеуі бар, жиһазы бар, шығынды кім өтейді? Пәтерді ипотекаға алғанбыз. Ай сайын 50 мыңнан оны төлейміз.
Ай сайын КСК-ге 900 теңге төлейміз. Төбеден су сорғалағанда КСК-ның бір адамын келтіре алмадым. 9 айлық баламды көтеріп шырылдадым да қалдым", - дейді 47 үйдің 9 қабатында тұратын Динара Шопанова. 
Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

"Шатырды жөндеу "Ақорда" мердігер компаниясының міндеті дейді бірі, енді бірі әкімшілік дейді. Әкімшілік КСК жөндеу керек дейді. Бұл бірінші рет емес. Төбемізден су сорғалап тұрғанғада селк етпейтін болдық", - дейді тұрғындар.​ 

Ал мердігер компания басшысы 2015 жылы пайдалануға берілген бұл үйдегі кепілдік мерзімнің аяқталғанын айтады.

Десе де, олар қасиетті рамазан айында жауын салдарынан келтірілген шығынды өтеп, пәтердегі жөндеу жұмыстарын өз мойындарына алатындарын айтты.

"Біздің жауапкершілігімізде емес. Сонда да қасиетті ораза айында сауап үшін шығынды кім өтейді деп шырылдаған тұрғындарға көмектесеміз. Жөндеу жұмыстарын осы жолы толық біздің компания жасап береді", - дейді "Ақорда" компаниясының басшысы Садулла Қалыбеков.

Мердігер компания басшысының да, әкімдіктің жауапты мамандарының да айтуынша,​ үй шатырының су ағатын арнайы торларын біреулер пластикалық бөтелкелермен бекітіп тастаған.

"Шатырдың кілті тұрғындардың өздерінде болады. Шатырға шыққандардың бірі істеуі де мүмкін", -дейді әкімдіктің өкілі.

Сіздің реакцияңыз
4
1
4
9
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel