RU

Ақмола облысында жарысқа қатысқан 15 жасар оқушы мерт болды

Ақмола облысында полиция қызметкерлері 15 жастағы жеткіншектің өліміне қатысты тергеу жүргізіп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

15 жасар
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

17 мамыр күні балаларға арналған "Жұлдызды" сауықтыру орталығында облыстық "Алау" әскери-спорттық жарыс барысында мектеп оқушысының өлімімен аяқталған қайғылы оқиға орын алған.

Ақмола облыстық Білім басқармасының мәлімдеуінше, бұл жағдай эстафета кезінде болыпты.

Жарысқа қатысушы 9 сынып оқушысы мәреге жетер жолда есінен танып, құлап қалған.

Жасөспірімге облыстық емдеу-профилактикалық диспансерінің медициналық қызметкерлері бірден көмек көрсеткен. Кейін оны ауруханаға алып барғанымен, оқушы есін жимастан сағат 13:00 шамасында көз жұмған.

Жеткіншек тірі болғанда 6 маусым күні 16-ға толатын еді.

Қазіргі таңда полиция тергеу жүргізіп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1794984-akmola-oblysynda-zaryska-katyskan-15-zasar-okusy-mert-boldy.html