RU
Қап-қара түтін жайылып кетті: Кемеровода тағы да өрт шықты (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Қап-қара түтін жайылып кетті: Кемеровода тағы да өрт шықты (видео)

Рассказать Вконтакте

Кемеровода Октябрьский даңғылындағы Hyundai автосалоны өртеніп кетті. Ғимаратты үлкен жалын шарпыған. Төтенше оқиға орнында оннан аса арнайы техника жұмыс істеп жатыр деп хабарлайды КП басылымына сілтеме жасаған КAZ.NUR.KZ.

Қап-қара түтін жайылып кетті: Кемеровода тағы да өрт шықты (видео)

Видеодан алынған кадрлар

ТЖМ ақпаратынша, өрт кешкі сағат тоғыз шамасында басталған. Төтенше жағдай болған жерге жедел жеткен өрт сөндіру техникалары қызыл жалынды ауыздықтаумен айналысуда.

"Өрттің шығу ошағы мекеменің төбесінде болуы ықтимал", - деді ведомство өкілдері алдын ала болжамдарға сүйене отырып.

Өртенген аумақ пен өрттің себебі әлі анықталмаған. Қаза болғандар мен жапа шеккендер туралы да әзірге ақпарат шықпады.

ТЖ орнына жақын маңдағы барлық қозғалыс тоқтатылған.

Life Shot мәліметінше, аталмыш автосалонның жанында жанармай бекеті бар екен. Алайда, ТЖМ желдің бағыты басқа болғандықтан жарылыс қаупі жоқ екенін алға тартты. Life Shot ақпаратынша өртенген аймақ 1000 шаршы метрді құраған.

Ғимаратта Opel, Scoda және Chevrolet секілді көлік маркалары сатылатыны атап өтілді.

Куәгерлер өрт кадрлары түсірілген фотолар мен видеоларды желіге жүктеп жатыр. Онда қап-қара түтін ауаға таралып жатқанын байқауға болады.

Сіздің реакцияңыз
0
3
2
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel