RU
Алматы облысында денесі табылған қыздың жақындары оны өлтіріп кетті деп есептейді
Жаңалықтар Қоғам

Алматы облысында денесі табылған қыздың жақындары оны өлтіріп кетті деп есептейді

Рассказать Вконтакте

Алматы облысында жоғалып, артынша өлі денесі табылған Айгүл Амангелдінің туыстары оны өлтіріп кетті деп есептейді. 13 мамыр күні медициналық университетке кеткен бойжеткеннің мәйіті 19 мамырда Талғар ауданында мойнындағы арқанмен бірге табылған деп хабарлайды КТК.

Фото: Видеодан кадр/ КТК

Фото: Видеодан кадр/ КТК

Полиция қыздың денесінен азаптап өлтіру белгілері анықталмағанын хабарлады. Тергеу жұмыстары өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу бабы бойынша жүргізілуде.

Ақпараттарға сәйкес, Айгүл сол күні Белбұлақ ауылындағы үйінен Алматы қаласына емтихан тапсыруға кеткен. Тас жолда такси тоқтатқан қызға ары қарай не болғаны белгісіз.

Қазіргі уақытта істің мән-жайы анықталып жатыр. Сараптама өлімнің нақты себебін анықтауы тиіс.

"Алдын ала болжам бойынша, бойжеткен өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін",- деді Алматы облыстық Полиция департаментінің ресми өкілі Ернар Сайділдин.

Мәйітті таныған жас студенттің ата-анасы ол өз-өзіне қол жұмсады дегенге сенбейді. Олардың ойынша, Айгүлді өлтіріп кеткен болуы мүмкін.

Қыздың өз-өзіне қол салуы мүмкін деген болжаммен мектептегі мұғалімдер де келіспейді. Педагог Айнұр Жұмабекованың сөзінше, ол өте жауапты, ашық жарқын әрі көңілді қыз болған.

"Ол суицид жасады дегенге сене алар емеспіз. Біз тергеу жұмыстарының жалғасып, бұл істі анықтағанын қалаймыз", -дейді мұғалім.

Жақындары Айгүлмен қоштасып үлгерді. Бұл фактіге қатысты тергеу жұмысы ерекше бақлауға алынған. Қыздың өлімі себебі жақында белгілі болады.

Дереккөз: КТК

Айта кетейік, 13 мамырда із-түзсіз жоғалған Айгүл Амангелдіні 40-тан астам адам іздеді. Алты күннен соң оның денесі туған ауылы Белбұлаққа жақын таулы аймақтан табылды.

Бір қызығы, бойжеткеннің ұялы телефоны жоғалған соң бір тәулік бойы қосылып тұрған. Кейіннен ол қуаты таусылған соң өшіп қалған.

Сіздің реакцияңыз
2
3
0
14
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel