RU
Порошенко мемлекетке сатқындық жасады деп айыпталуда
Жаңалықтар Саясат және экономика

Порошенко мемлекетке сатқындық жасады деп айыпталуда

Рассказать Вконтакте

Украинаның бұрынғы президенті Виктор Януковичтің әкімшілігі басшысының орынбасары қызметін атқарған Андрей Портнов Петр Порошенкоға қарсы арыз тасталғанын айтты. Бұл туралы ол өз Telegram арнасында хабарлап, құқық қорғау органдарына жіберілген құжаттардың көшірмесін жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Петр Порошенко. Фото: realukraine.net

Петр Порошенко. Фото: realukraine.net

Портновтың сөзінше, Владимир Зеленский ресми түрде президент атанған соң Петр Порошенко президенттік дербеc құқығынан айырылған. Сондықтан, оның үстінен арыз тастауға мүмкіндік бар.

Бұл - олардың бірінші арызы. Ол Мемлекеттік тергеу бюросына келіп түскен.

"Біз оны (Порошенко-ред) мемлекетке сатқындық жасауға қатысты әрі мемлекеттік билікті басып алып, өз лауазымы мен қызметтік құзіретін асыра пайдаланды деп есептейміз",- деді Янукович әкімшілігі жетекшісінің бұрынғы орынбасары.

Айта кетейік, 20 мамыр күні шоумен Владимир Зеленский ант қабылдап, ресми түрде Украина президенті атанды.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
1
1
6
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel