RU
Түркіменстан президенті алабай күшіктерге ат қойып, ит туралы кітап жазуда
Жаңалықтар Қоғам

Түркіменстан президенті алабай күшіктерге ат қойып, ит туралы кітап жазуда

Рассказать Вконтакте

Түркіменстан президенті тағы бір кітап жаза бастады. Оның кезекті туындысы ит туралы болмақ. Алайда, Ашхабад билігі қала көшелеріндегі қаңғыбас иттерді аулап, оларды аяусыз қырып жатыр деп жазады Centralasian.org.

N8hr3vtycnfy ghtpbltyn3

Фото: Centralasian.org

"14 мамырда қаланың Гаудан ықшам ауданындағы №84 балабақша ауласында кішкентай итті жаңа туған күшіктерімен бірге арматурамен ұрып өлтірді. Бұл уақытта балабақшада балалар болған", - деп хабарлады Азаттық тілшісі.

Оның айтуынша, иттерді Бегенч атындағы коммуналдық қызмет өкілі өлтірген. Бұл оқиғаға көп адам куә болыпты.

"Ит ұзақ үрді, сосын ұлыды. Көрші үйлердің терезелерінен тұрғындар қарап тұрды, бірақ ешкім араша түспеді. Күшіктері бар ит балабақшаны паналаған, адамдардан тығылып жатқан, бірақ мекеме меңгерушісі ит өлтіретін қызметті шақырған", - деді куәгерлердің бірі.

Бұл уақытта Түркіменстан президенті Гурбангұлы Бердымұхамедов ит туралы жаңа кітабын 16 мамырда Копетдаг тауларындағы Ақалтеке жылқы кешенінде жаза бастаған.

Мемлекеттік баспасөздердің хабарлауынша, сол күні президент Бердымұхамедов Шаполат атты ақалтекемен серуендеген, одан соң жаңа туған алабай күшіктеріне ат қойған, сосын барып жұмыс кеңсесінде иттің осы түрі туралы кітап жаза бастаған.

Биыл ақпан айында мемлекет басшысы иттерге арналған клиника ашуды тапсырып, "түркімен халқы үй жануарларын әрдайым қастерлегенін" айтқан. Бір аптадан соң елдегі кәсіпкерлер президент уәде еткен клиниканы ашуға 62 000 доллар жинаған.

Сіздің реакцияңыз
4
5
2
3
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel