RU
"Бір чаттамыз": Әбдіжаппар туралы айтқан Еспанов елді күлкіге қарық қылды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Бір чаттамыз": Әбдіжаппар туралы айтқан Еспанов елді күлкіге қарық қылды

Рассказать Вконтакте

Отандық бағдарламалардың бірінде Әбдіжаппар Әлқожа туралы сөз қозғаған Нұрлан Еспанов жұртты күлкіге қарық қылды. Отандық эстрада жұлдызы бұл видеосын өз Instagram парақшасына жүктеген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бейнежазбада әнші Әбдіжаппармен жақсы араласатынын айтқан.

"Мен Ташкент көргенмін. Міне, қасымда ғой. Бірге араласамыз. Бір чаттамыз. Чаттамыз деген қалай кетті? Иә, сөйлесіп, араласып тұрамыз",- дейді Еспанов.

Бұл видеоны көрген желі қолданушылары әншінің ашық жарқындығы мен ақ көңіліне риза болған. Олар Нұрлан мырзаға жақсы көңіл-күй үшін алғыс айтқан.

"Әггар, бөлексіз", " Аузын ашса, жүрегі көрінеді деп осындай жігіттерді айтады", "Осы ағамның әрбір сөзі күлкілі", "Нұрекең, тамаша жігіт қой шіркін", "Өлтіресіз", "Ақ көңіл, жайдары азамат қой", "Үнемі көңілді жүресіз", "Қатырасыз", - деп жазған олар.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
1
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel