RU
"Боксқа берем": Байзақова ұлына тисікендердің сазайын тартқызбақ
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Боксқа берем": Байзақова ұлына тисікендердің сазайын тартқызбақ

Рассказать Вконтакте

Айжан Байзақова тұңғыш ұлы өскен бойда оны бокс үйірмесіне беретінін айтты. Атышулы ару баласына теріс сөз айтып, тіл тигізетіндердің сазайын тарттырмақ деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Кеше Филипптің сұхбатын көрдім. Сол жерде Ксюша "Мен ұлым дүниеге келгенде уайымға салындым. Оған мектепте саусағын шошайтып, анасы жайлы ауыр сөз айтатынын ойладым. Ал сен уайымдайсың ба?" деп Филипптен сұрады. Ал ол ұлының бір балаға есесін жібермегенін айтты.

Мұны маған осы типтес сұрақ қоятын желідегілерге жазып отырмын. Мен өз ұлымды боксқа беремін. Сосын ол өзіне ауыр сөз айтқан балалардың сазайын тартқызады. Ал сосын мен барып, сондай бала тәрбиелеген жақындарының сазайын беремін.

Сондықтан біз үшін қатты алаңдамаңыздар. Кейде адамды тәрбиелеу үшін ұрып тұрған да дұрыс-ау", - деп жазды Айжан Байзақова Instagram парақшасында.

Сіздің реакцияңыз
6
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel