RU
"Бақыттан басың айналсын": Қайрат Нұртас тағы да шетелде жүр (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Бақыттан басың айналсын": Қайрат Нұртас тағы да шетелде жүр (видео)

Рассказать Вконтакте

Түркияда демалып жүрген Қайрат Нұртас жанұясымен тұрақтаған қонақүйін көрсетіп, видеомен сәлем жолдады. Өзге елде бейнебаян түсіріп жатқан әнші халыққа да өз тілегін білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бейнежазбада халық еркесі анасы мен жұбайын да түсірген.

"Ассалаумағалейкум. Анашымның қолынан ешқашан да телефон түскен емес. Аналарыңыз бақытты болсын. Ана жақта волейбол ойнауға болады. Мына жақта неше түрлі скутерлерге мінуге болады. Мынадай әдемі қыздармен танысуға болады. Қалжың, Жұлдыз ғой. Әдемі демалыс. Сіздерге де Алла тағала осылай бұйыртсын. Бірақ, біз жұмыспен келіп отырмыз", -дейді ол.

Бұл видеоны көрген желі қолданушылары әншіге бақыт тілеген.

"Осындай керемет жерде демалуды бізге де бұйырсын", "Бізге де көруді жазсын", "Барлығы әдемі, сәттілік", "Жұғысты болсын", "Керемет", "Жақсы демалыңыз, Қайреке", "Бізге бұл жер арман ғой", "Осылай бақыттан басың айнала берсін", "Жақсы әндеріңіз көп болсын",- деп жазған олар.

Сіздің реакцияңыз
11
1
3
2
3
12
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel