RU
"Байғұстарға аянышпен қараймын": Түсіпбаева кредит алған күндері жайлы айтты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Байғұстарға аянышпен қараймын": Түсіпбаева кредит алған күндері жайлы айтты

Рассказать Вконтакте

Меруерт Түсіпбаева 95-ші жылдары басынан қатты қиыншылық өткенін ашып айтты. Әнші көпшілікке кеңінен танылып, клиптері жарыққа шыққанына қарамастан сол уақытта жатақханада тұрып, несие алуға мәжбүр болған. Бұл жайында өнер иесі "31" арнаның "Айта берсін" бағдарламасында мәлім етті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Осы әртістердің ортасында ең көп несие алған адамдардың бірі мен болармын. Алмаған несием жоқ. Мен өмір бойы несие алған адаммын. Сол үшін мен ол байғұстарға, адамдарға тек қана аянышпен қараймын.

Өйткені адам асып-тасып жатса, өлсе де несие де алмайды. Мен өмірде қатты қиналғанмын. Ең басында өте танымал болып, клиптерім шыққанда жатақханада тұратынмын.

Ата-анамның беретін ақшасы жоқ. "Қалай бұл жағдайдан өзімді арылтсам" деп... Өйткені жатақханада тұратын адамдардың, екінің бірі маған "Жатақханада тұрасыз ба?" дейтін.

Содан мен несие алуға бел буғанмын. Қатты қорыққанмын. Өйткені 95-ші жылдары ипотека деген жаңадан шығып жатқан.

Сонда маған театрдағы адамдар "Сотталып кетесің" деп айтқан болатын. Ол кезде ипотека деген Қазақстанда жаңадан енгізілген жаңалық болғандықтан, үлкен аға-апаларымыз қауіппен қараған болатын.

Мен де ипотека, кредит алған байғұс адамдардың ортасындамын", - деп Меруерт Түсіпбаева ағынан жарылды.

Сіздің реакцияңыз
1
2
0
2
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel