RU
"Жүрегіңіз қалаған еркекпен": Шаһизаданың жалғыз ұлы анасына бақыт тіледі
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Жүрегіңіз қалаған еркекпен": Шаһизаданың жалғыз ұлы анасына бақыт тіледі

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық жұлдыз Шаһизада биыл 53 жасқа толды. Әншінің жалғыз ұлы Олжас анасына ақ тілегін арнап, әйел бақытын тіледі деп жазады "31" арнаның "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жұлдыздың баласы анасын жылдағы дәстүрмен түнгі 12-де құттықтаған.

"Әдеттегідей түнгі 12-де қарсы алып, питакта құттықтадық. Қасымда жұбайым, жұмысшыларымыз болды. Анамызды "Жақсы көрем" деген сөзбен қуантамыз. Анамызда бәрі бар. Бізді "Құдайға шүкір" деп үйреткен. Кез-келген мерекеде не керек екенін сұрап алып, соны алып береміз. Енді бір бес жылда көлік алып берсем деймін. Ол кісі тек өзіне керек дүниені ғана алдыртады.
Жеке өміріне ешқашан араласпаймын. Анамызға әрдайым әйел бақытын тілеймін. Тек қана бір-бірімізге бақыт тілеп жүреміз. Шынымды айтсам, анама ешқашан қарсы болмаған. Әрдайым "Жүрегіңіз қалаған еркекпен отбасы құрсаңыз, мен қуанышты боламын" деп айтамын", - деді әншінің ұлы Олжас.

Естеріңізге сала кетейік, Шаһизаданың ұлы екі баласының анасымен ажырасып, екінші рет шаңырақ көтерген болатын.

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
2
10
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel