RU
Сондерс Головкинді әлем чемпионы атағы үшін шаршы алаңға шақырды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Сондерс Головкинді әлем чемпионы атағы үшін шаршы алаңға шақырды

Рассказать Вконтакте

Британиялық Билли Джо Сондерс қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен шаршы алаңға шыққысы келетінін айтты. Бұл туралы Sports.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Коллаж: KAZ.NUR.KZ. Фото: prosports.kz, arnapress.kz

Коллаж: KAZ.NUR.KZ. Фото: prosports.kz, arnapress.kz

Сондерс осы уақытқа дейін GGG-мен жекпе-жек екі рет белгіленіп, тіпті келісім-шарттарға қол қойылғанын, алайда кездесу болмағанын айтты.

Енді спортшыда WBO санаты бойынша супер орта салмақтағы чемпиондық атағы бар. Сол себепті, ол қазақстандықпен кездесу болады деп үміттенеді.

"Егер Головкин екі салмақ категориясында чемпион болғысы келсе, мен бірінші рет оған мүмкіндік беруге дайынмын. Ешқандай кедергі жоқ", -деді британиялық спортшы.

Айта кетейік, 8 маусым күні (қазақстандықтар үшін бұл 9 маусым күні таңертең) Геннадий Головкин канадалық Стив Роллсқа қарсы кездесу өткізеді. Жекпе-жек Нью-Йорк қаласында болады.

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
1
0
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel