Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда автобус кондукторы мен жолаушы төбелесіп қалды (видео)

Опубликовано:

Қарағандыдағы аялдамалардың бірінде автобус кондукторы жолаушының бірімен ел алдында төбелесіп қалды. Жанжал куәгерлерінің арасында полиция қызметкері де бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: UGC

Оқиға 20 мамыр күні 16.25-те қаладағы Диетстоловая аялдамасында орын алды.

Куәгерлердің сөзінше, кондуктор мен жолаушы арасындағы жанжал қоғамдық көлікке отырғызу кезінде басталыпты.

"Кондуктордың жолаушыға неге шабуыл жасағанын білмеймін. Бірақ ол өзін агрессивті ұстады. Жолаушыны аялдамаға алып түсіп, оған соққы дарытты. Осы сәт видеоға жазылмай қалды. Біз түсіріп үлгермедік. Жолаушы 17 жаста сияқты, менің ойымша ол кәмелет жасына толмаған жігіт. Бұндай тәртіп бұзушылық қашан аяқталады? Бұндай адамдарды не үшін жұмысқа алады?", - деді куәгердің бірі.

Кадрдан төбелес кезінде жолаушылардан бөлек, тәртіп сақшысы болғанын байқауға болады.

Видеода адамдардың ескертуіне қарамай полиция қызметкері оқиғаны автобустың ішінде үнсіз қадағалағаны да көрінеді.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің пікірінше, қазіргі уақытта оқиға жан-жақты тексерілуде.

"20 жастағы кондуктор мен 18 жастағы жолаушы екендігі анықталды. Екеуінің арасындағы жанжал қоғамдық көлікте болған. Оқиға тексерілуде. Нәтижеге сүйене отырып, рәсімдік шешім қабылданатын болады", - деп хабарлады ведомство.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1795053-karagandyda-avtobus-konduktory-men-zolausy-tbelesip-kaldy-video/

pixel