RU
91 тобына шүйліккен Әбдірайымов олармен бір жобаға қатысуға дайын
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

91 тобына шүйліккен Әбдірайымов олармен бір жобаға қатысуға дайын

Рассказать Вконтакте

"Ninety one" тобы жарыққа шыққан жылы еліміздің бетке ұстар азаматтарыөлардың стиліне қарсы шыққан болатын. Тіпті "Жігіттер" тобының әншісі Бағлан Әбдірайымов жас өнерпаздарға қатаң ескерту де жасаған еді. Алайда жылдар өте келе әншінің танымал топқа қатысты пікірі өзгерген деп жазады "НТК" арнасының "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

91 тобы, Бағлан Әбдірайымов. Фото: Әнші мен топтың жеке парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

91 тобы, Бағлан Әбдірайымов. Фото: Әнші мен топтың жеке парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Бағлан Әбдірайымовтың ойын өзгертуіне өнердің ортақтығы себеп болған.

"Өнер ортақ болғаннан кейін олардың да, біздің де бағыт, мақсаттарымыз бір болып тұр. Өйткені, сыртқы келбетіміз бөлек болғанымен, ішкі әлем бір нысанды дәлдеп тұр деп айтайықшы. Сондықтан ертең қандай да бір жоба немесе сол жігіттермен бір жерге барып келетін жағдай болып жатса, шыны керек мен қуанатын едім!
"Жылқы кісінескенше, кісі сөйлескенше" дейді ғой қазақ. Біз әлі сөйлесіп көрген жоқпыз. Егер сапарлас болып сөйлессек, бәлкім біз түсінбей жатқан нәрселер де бар шығар", - деді әнші.

Естеріңізге сала кетейік, "Жігіттер" тобының әншісі 2016 жылы "Ninety one" тобының жігіттеріне ескерту жасап, сырт келбеттерін өзгертуді талап еткен болатын.

Сіздің реакцияңыз
8
0
0
0
1
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel