Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көңілдес тауып алған": Күйеуіне өкпелеген әйел оны қалай қайтарарын білмей жүр

Опубликовано:

Бірнеше жыл күйеуімен отасқан келіншек оның қылықтарына шыдамай үйінен кетіп қалған. "Отағасы өз қателігін түсініп, қадіріме жетер" деп сенген ол жұбайының көңілдес тауып алғанын біліп, одан сайын күйзеліске түскен. Кейіпкер отбасын ойрандаған оқиға жайлы аnonymous_forum парақшасына жазып, жұрттан кеңес сұрады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: sports.squibs.org
Фото: sports.squibs.org: UGC

Келіншектің сөзінше, ол қайта қосылғанымен, жұбайы көңілдесімен жиі хабарласып, бос уақытын соның жанында өткізеді екен.

"Тұрмысқа шыққаныма 4 жыл болды, 2 баламыз бар. Жаңа жылдың алдында күйеуіме ренжіп, өзгерер деп өз ата-анамның үйіне кетіп қалған едім.

Ол болса өз кінәсін мойындаудың орнына, көңілдес тауып алыпты. Олардың қарым-қатынасы әлі күнге дейін созылып жатыр.

Екеуіміз қайта қосылып, бәрі жақсы болған. Алайда ол әлі сол сұрқиямен сөйлесіп жүр.

Телефонында құлып тұрады. Шаршадым. Қалаған кезінде кетіп, қалаған кезінде келеді. Кейде ажырасқым келіп кетеді.

Бірақ "жалғызбасты ана" атанғым келмейді. Оны қалай қайтарсам болады?", - деп жазды тығырыққа тірелген келіншек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1795068-kjeuinen-ketip-kalgan-jel-ony-kildes-tauyp-alganyn-ajtyp-myn-sakty/

pixel