RU
Жартылай жалаңаш суретін көрсеткен Өмірқұл Айниязов сынға ұшырады (фото)

Жартылай жалаңаш суретін көрсеткен Өмірқұл Айниязов сынға ұшырады (фото)

Рассказать Вконтакте

Отандық эстрада жұлдызы Өмірқұл Айниязов желідегі парақшасына ескі суреттерінің бірін жариялады. Алайда, жартылай жалаңаштанып түскен әнші жұртқа жақпай қалды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл жазбада Айниязов Есен есімді досын туған күнімен құттықтаған.

"Есен досым, туған күнің құтты болсын, бала -шағаң аман болсын, денің сау болсын ауырма! Бұл сурет бір түрлі көрінгенмен, бұл біздің жас шағымыз, бақытқа мас шағымыз", - деп жазған ол.

Суретті көрген желі қолданушылары әншіні сынның астына алған.

"Өзің айтқандай бір түрлі суретті салыпсың. Жалаңаш суретті салудың өзі бір ұят", "Алып тастаңдар мына көріністі", "Енді жалаңаш шыққаның ұят емес пе?", "Жалаңаш отырсыздар ма?", "Сізді осылай көру ұят екен", "Шынымен бір түрлі екен", "Ерсі", - деп жазған олар.

Оқырмандардың қатарында отандық эстрада жұлдызын жақтағандар да табылды.

"Бәріміз жас болғанбыз", "Керемет естелік", "Туған күні құтты болсын", "Ол да қарапайым адам ғой", "Қайран күндер кешегі" деген пікірлер қалдырған.

Сіздің реакцияңыз
12
0
0
0
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel