RU
Түсіңізде тор көру не білдіреді?
Жаңалықтар Калейдоскоп

Түсіңізде тор көру не білдіреді?

Рассказать Вконтакте

Тор - қысым мен шектеу белгісі. Мұндай түс көрген адамның көңілі құлазып жүргенін, өмірінде қиындықтар бар дегенді білдіреді. Еnigma-project.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ мұндай түсті қалай жору керегін назарларыңызға ұсынады.

Түсіңізде тор көру не білдіреді?

Көрнекі фото: astromeridian.ru

Түсіңізде торда отырған құс көру, отбасын құрғыңыз келетінін білдіреді.

Тордың ішінде торғайлар отырса, бұл көп ұзамай науқастанатыныңыз жайлы ескертеді. Ал көгершіндер жұрт алдында ұятқа қалуыңыз мүмкін екенін хабарлайды.

Тордың ішіндегі тауықтарды көрсеңіз, отбасыңызда көп ұзамай сәби пайда болады деген сөз. Торда отырған қарғаны тамақтандыру, үрейлеріңіз бекер емес, сақ болыңыз дегенді білдіреді.

Тордың ішінде отырған үкі, мүмкіндіктеріңізді шектеп, жан қалауыңызды іске асыра алмай жүрсіз деген сөз.

Бос торды көру күтпеген қиындықтар туындайды деген сөз. Оны тазалау, уайымдардан арылуды білдіреді.

Торда отырған тышқанды көру бәрінен жасырған сырыңыз бар. Ал мысықты көру - байлық пен табыс нышаны. Марғауды бойжеткен көрсе, көп ұзамай аяғы ауыр болады дегенді білдіреді.

Тордың ішіндегі итті көру, отбасылық кикілжіңнің достарыңыздан алыстауыңызға әкеледі деген сөз.

Қамауда тұрған жануарларды көрсеңіз, жан-жағыңыздағы адамдарға көңіл бөліп, кімнің дос, кімнің дұшпан екенін анықтаңыз.

Ал жыртқыш аңдарды көру дұшпандарыңызды жеңетініңіз.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel