RU
Айқын балаларына тек 16 жасқа дейін ғана ақшалай көмек беретінін айтты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Айқын балаларына тек 16 жасқа дейін ғана ақшалай көмек беретінін айтты

Рассказать Вконтакте

Жақында көпбалалы әкелердің қатарына қосылатын Айқын Төлепберген презенттерін тек 16 жасқа дейін ғана қаржылай қамтамасыз етпек. Бұл туралы шоу-бизнес жұлдызының өзі кезекті сұхбатының барысында айтты деп жазады "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Отандық эстрада әншісі бала тәрбиесі жөнінде ағынан жарылып, оларға беретін ақшалай көмегі жайлы шындықты айтты.

"Бала тәрбиесіне күштімін деп айта алмаймын. Барынша көңіл бөлуге тырысамын. Өзімнің әкелік парызымды әрқашанда атқарамын.

Сабағын оқытамын, қыдыртамын. Алып беретін нәрселерін алып беремін. Жігіттің тәрбиесіне енді кішкене қаттылау болу керек. Сосын бүкіл баламның кішкентай кезінен бастап, 16 жасына дейінгі бүкіл шығындарын көтеру ғой міндетім.

16 жастан кейін өздері табады ақшаны. Мен 16 жасқа дейін әке-шешемнен көмек сұрадым. Одан кейін мен өзім жұмыс істеп, әйтеуір күн көрдім. Көмектесті, әрине. Бірақ, соның өзінде кішкене тәуелсіз болдым. Сол мен де енді 16 жасқа дейін көтерем, ары қарай өздері білсін" , - дежі Айқын.

Сіздің реакцияңыз
5
2
1
2
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel