RU
"Миды ашытып жібердің": Әуелбекова Ерболат Құдайбергеннің қарындасын сынады

"Миды ашытып жібердің": Әуелбекова Ерболат Құдайбергеннің қарындасын сынады

Рассказать Вконтакте

Мөлдір Әуелбекова заманауи бағытта өнерін шыңдап жүрген Ерболат Құдайбергеннің қарындасын қатаң сынға алды. Шоу-бизнес жұлдызы Құдайбергеновтер жанұясының кенжесі Салтанат орындаған әннен миы ашып кеткенін де жасырмай айтқан деп жазады "Беу" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Мөлдір Әуелбекова Салтанат Құдайбергенованың әнінде өзіне ұнамаған тұстарын оның бетіне басты.

"Текті отбасы екенін білеміз. Салтанат әп-әдемі, бойшаң, аққұба қазақтың қызысың. Миды ашытып жібердің ғой, жанымау. Түсініп тұрмын бағытыңды. Мақсатың да түсінікті барлығы.

Әлемге әйгілі, әлем мойындаған Бейонсе, Леди Гага және тағы да басқа жұлдыздар бар. Солардың образын сен өзіңе сіңдіргің келіп тұр. Бірақ, мен бар ғой саған қарап, сенің даусыңды естіп мықты вокалист екеніңді біліп тұрмын.

Актерлік шеберлігің де мықты екенін көріп тұрмын. Сен жаман композитор емессің. Өзің шығарыпсың әніңді.

Бірақ, мен сенің осындай табиғатыңда қаншама дарын тоғысқан жерде өзің жазған "нәски", "магазин", "қоқыс", "пульт", "надоел" деген сөздердің деңгейіңдегі әнші болғаныңды қаламаймын. Ол сенің дәрежең емес", - деп кесіп айтты эстрада жұлдызы.
Сіздің реакцияңыз
3
2
3
4
0
34
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel