RU
Димаш Құдайберген Ержан Максимнің концертінде өнер көрсете ме?
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Димаш Құдайберген Ержан Максимнің концертінде өнер көрсете ме?

Рассказать Вконтакте

28 маусым күні Ержан Максим Нұр-Сұлтан қаласында жеке кешін өткізеді. Жас таланттың концертіне Димаш Құдайберген қатыса ма? Бұл сауалға Мәдениет және спорт министрі Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы жауап берді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ержан Максим, Димаш Құдайберген. Фото: Әншінің жеке парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ.

Ержан Максим, Димаш Құдайберген. Фото: Әншінің жеке парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ.

Министр әлі келісімшартқа қол қойылмағанын тілге тиек еткен.

"Қазір мен асығыстық жасағым келмейді. Барлық келісімшартқа қол қойғаннан кейін, сенімді түрде айта аламыз. Бірақ, өздеріңіз де көріп отырсыздар, бұл жерде ешқандай құпия жоқ.
Біз Валерий Меладзеден өтінгенде, ол қуана-қуана келісті. Жас таланттарды қолдауға бағытталған осындай акциялар көбірек болса екен дейміз", - деді Мұхамедиұлы үкімет кулуарында.

Айта кетейік, Ержан Максимнің алғашқы концерті 28 маусымда елордадағы "Қазақстан" орталық концерт залында өтеді.

11 жастағы таланттың елордадағы кешіне Валерий Меладзе де келуге уәде берген.

24 мамырда Максим "Голос. Дети" жобасының арнайы шығарылымына қатысады. Оған ресейлік шоудың барлық финалисі шақырылған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel