RU
Мәскеуде "Игра престоловтың" соңғы сериясын көру үшін 10 мың адам стадионға жиналды (видео)
Жаңалықтар Калейдоскоп

Мәскеуде "Игра престоловтың" соңғы сериясын көру үшін 10 мың адам стадионға жиналды (видео)

Рассказать Вконтакте

Ресей астанасы Мәскеуде орналасқан "РЖД Аренасына" "Игра престолов" телехикаясының сегізінші маусымының соңғы сериясын көру үшін 10 мың адам жиналған. "Локомотив" клубының стадионында төрт қабатты экран қойылды деп хабарлайды Eurosport.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ұйымдастырушылар мәскеуліктерге қайталанбас әсер сыйлау үшін жан-жақты дайындалған.

Кадрдан төрт қабатты үймен бірдей экранды, оның астында музыкамен сүйемелдеп тұрған ансамбльді байқауға болады.

Тіпті стадионның шыға берісінде көрермендерді әлемдегі ең танымал сериалдың кейіпкерлері Серсея Ланнистер , Санса Старк, Дейенерис, Джон Сноу костюмдерін киіп алған адамдар күтіп тұрды.

Еске сала кетсек, "Игра престолов" телехикаясы 2011 жылы жарыққа шыққан. Бұл туынды осы уақытқа дейін "Эмми" премиясын 38 рет жеңіп алған.

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel