RU
Головкин - Роллс жекпе-жегінің Нұр-Сұлтан уақытымен нешеде өтетіні белгілі болды
Жаңалықтар Қоғам

Головкин - Роллс жекпе-жегінің Нұр-Сұлтан уақытымен нешеде өтетіні белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Орта салмақтағы бұрынғы WBC/WBA/IBF чемпионы Геннадий Головкин пен канадалық Стив Роллс арасындағы жекпе-жектің өтетін уақыты белгілі болды. Бұл туралы Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Шетелдік БАҚ таратқан ақпарата сәйкес, қазақстандық пен канадалық боксшы арасындағы кездесу 8 маусымда (Қазақстан уақытымен 9 маусым күні таңертең) Нью-Йорктегі "Мэдисон Сквер Гарден" кешенінде жергілікті уақытпен таңғы 4 шамасында басталады.

Ал Головкин-Роллс кездесуі Нұр-Сұлтан уақытымен 9 маусым, жексенбі күні шамамен 09:00-де болады.

Осы жекпе-жектің андеркардындағы кездесулер алты сағат бұрын басталады.

Айта кетейік, алдағы жекпе-жекте шаршы алаңға Головкиннің жаңа бапкері Джонатон Бэнкспен бірге шығады.

Бұл кездесу отандасымыздың DAZN компаниясымен үш жылға жасалған келісім шарты аясындағы алғашқы жекпе-жегі болмақ.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
10
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel