RU
Қуат Найман Данияр Елеусіновті келесі Мейвезер деп атады

Қуат Найман Данияр Елеусіновті келесі Мейвезер деп атады

Рассказать Вконтакте

Ережесіз жекпе-жек жұлдызы Қуат Найман Геннадий Головкин мен Данияр Елеусіновтің арасында орын алған мәселеге қатысты пікір білдіріп, ол Елеусіновті келесі Мейвезер деп атаған. Бұл туралы dknews.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

"Меніңше, бұл мәселе де өзіндік саясат бар. Негізінде, мен бір бокс кешінде екі қазақстандық спортшыны көргім келген. Бомба болатын еді.
Дегенмен Даниярға мойымау керек. Себебі оның мансабы әлі алда. Мен оны бокстағы келесі Мейвезер деп ойлаймын. Бір жағынан оның Головкин жұдырықтасатын бокс кешіне қатыспағаны дұрыс болды. Себебі, Елеусінов мансабын өзі құру керек.
Головкин жерлесінің бетін қайтармас еді, бұған сенімдімін. Бәлкім, олардың менеджерлері мен промоутерлері өзара келіспейтін шығар, мәселенің бәрі осында болуы мүмкін" , - дейді спортшы.

Айта кетейік, бұған дейін Головкиннің өз андеркардына Данияр Елеусіновті қатыстырмай қойғаны жөнінде хабарлаған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз
3
1
0
0
0
10
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel