Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Басшылық қызметте жүрген отандық жұлдыздар кімдер?

Опубликовано:

Отандық шоу-бизнес өкілдері арасында өнері мен басшылық қызметті қатар алып жүргендері баршылық. Осы орайда KAZ.NUR.KZ порталы лауазымды қызмет атқарып жүрген жұлдыздарды назарларыңызға ұсынады.

Азамат Сатыбалды, Әуелбекова, Асылхан Төлепов, Есен Елеукен, Таңатаров, Әбдіхалықов. Фото: Жұлдыздардың жеке парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Азамат Сатыбалды, Әуелбекова, Асылхан Төлепов, Есен Елеукен, Таңатаров, Әбдіхалықов. Фото: Жұлдыздардың жеке парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Олардың қатарында Мөлдір Әуелбекова, Асылхан Төлепов, Досымжан Таңатаров, Тұрсынбек Қабатов, Есен Елеукен, Азамат Сатыбалды, Сәбит Әбдіхалықов пен Саят Медеуов бар.

Тұрсынбек Қабатов

Тұрсынбек Қабатов 2018 жылдың мамырында Астанада жаңадан ашылған сатира театрының көркемдік жетекшісі болып тағайындалған болатын. Бұл жайында елорданың бұрынғы әкімі Әсет Исекешев мәлім еткен еді.

Алайда арада көп уақыт өтпей-ақ гонорары ең қымбат әзілкеш Астананың 20 жылдығына орай ашылған "Комедия" театрының директоры болып тағайындалды.

Мөлдір Әуелбекова

Мөлдір Әуелбекова 2018 жылдың сәуірінде "Қазақконцерт" бірлестігінің эстрада бөлімінің бастығы болып тағайындалды.

Ал арада бір жыл өткенде жұлдыз осы мекемедегі шығармашылық қызметтің басшысы қызметіне ауысты.

Есен Елеукен

Талай әзілкештің өнер әлемінде бағын жаққан Есен Елеукен 2018 жылдың тамызында "Tamasha tv" телеарнасының директоры болып тағайындалды.

Арна 2018 жылдың 1 қыркүйегінен бастап көрерменге жол тартқан.

Азамат Сатыбалды

Театрдың тарланы 2018 жылдың желтоқсанында Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының директоры болып тағайындалды.

Айта кетейік, бұл театрды Азамат Сатыбалдыдан бұрын Сәбит Әбдіхалықов басқарған болатын.

Саят Медеуов

2017 жылдың сәуір айында әнші Саят Медеуов Алматы облысы Қарасай ауданының №14 округіне мәслихат депутаты болып сайланды.

Алайда әншінің өзі өткен жылы бұл орында амалдың жоқтығынан жүргенін айтып қойған болатын.

Асылхан Төлепов

"Жаужүрек мың бала" фильмімен көпшілікке кеңінен танылған Асылхан Төлепов те биылғы жылдың мамырында жаңа қызметтің тізгінін ұстады.

Актер "Алатау" дәстүрлі өнер және кино театры директорының орынбасары болып тағайындалған.

Айта кетейік, Асылхан Төлепов 2016 жылы Алматы қаласы Наурызбай ауданының мәслихат депутаттығына "Нұр Отан" партиясының атынан үміткер ретінде тіркеліп, ең жас депутат атанған болатын.

Досымжан Таңатаров

2000 жылдан бастап Қазақстан президенті оркестрінің жеке солисі, жетекші әншісі қызметін атқарған Досымжан Таңатаров бүгін майор шенін алды.

Сондай-ақ әнші 2008 жылы "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері атанса, 2009 жылы Елбасының жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағын иеленген.

Сәбит Әбдіхалықов

Сәбит Әбдіхалықов 2015 жылдан бері Ғабит Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының басшысы қызметін атқарып келді.

Ал 2018 жылдың желтоқсанында актер Мұхтар Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры болып тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1795137-bassylyk-kyzmetke-tagajyndalgan-otandyk-zldyzdar-kimder/

pixel