Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте сот үкіміне наразылық танытқан 80-ге жуық адам шу шығарды (фото, видео)

Опубликовано:

Шымкент қаласында сот үкіміне наразылық танытқан 80-ге жуық адам қалалық сот пен прокуратураның алдына жиналды. Шымкент қаласы прокурорының орынбасары Берген Ержаппар жиналғандармен жүздесіп, сұрақтарына жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жиналған тұрғындар
Жиналған тұрғындар: Original

Өткен жылы пышақталып, кісі қолынан қаза тапқан Хусан Тұрдиевтің туыстары мен достары сот үкіміне наразылық танытып Шымкент қалалық прокуратурасы мен сотының алдында жиналды.

Олар бірінші сот сатысында әділ шешім шыққан жоқ деп, сот үкімімен келіспейтіндіктерін айтты. Бұл қылмыстық іс бойынша төрт адам жауапкершілікке тартылып, тек бір ғана адам қамалғанына наразы тарап сот процесі кезінде ескерілмеген тұстар өте көп деп есептейді. Жиналған қауым прокуратура мен соттан әділ шешім талап еткен.

"Прокуратураға келген себебіміз, бірінші сот сатысында процессуалдық прокурор қылмысты ұйымдастырушыға 19 жыл, Хамутбековке 18 жыл сұраған. Енді апелляциялық шағымда Райымқұловқа 2 жыл, Хамутбековке 13 жыл сұрапты. Неге бастапқыдан айнып қалған прокурор?", - дейді шағымданушы Камала Тұрдиева. 

Сот үкіміне наразылық танытқандарды Шымкент қалалық сотының төрағасы Ербол Рахимбековтың өзі қабылдады.

"Бүгін сот төрағасы сот үкіміне наразылық танытқандарды қабылдады. Кабинетке сыймайтын болғандықтан сот залында қабылдау өтті. Жиналғандарға Ербол Рахимбеков іс материалдары апелляциялық алқаның қарауында екендігін, заң талаптарына сай шешім қабылданатындығын айтты", - деп мәлімдеді Шымкент қалалық сотының баспасөз хатшысы Қабыл Дүйсенби. 
Жиналған тұрғындар
Жиналған тұрғындар: Original

Еске сала кетейік, өткен жылдың 24 маусымында 24 жастағы Х.Тұрдиев кісі қолынан қаза тапқан. Осы іске байланысты кісі өлтірді деген айыппен Шымкент қалалық мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі сот үкімімен Т. Хамутбеков 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген.

Х.Тұрдиевтің өліміне қатысты О.Раимкулов пен тағы екі азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылған болатын.

Алайда,​ бірінші сот сатысында үш азаматқа тағылған айыптаулар сот тергеуі барысында өз дәлелін таппаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1795143-symkent-narazylyk-tanytkan-100-ge-zuyk-adam-sotty-aldyna-zinaldy-foto-video/

pixel