RU
Мәскеуде балалар алаңында оқ атқан мас ер адам елді дүрліктірді (видео)

Мәскеуде балалар алаңында оқ атқан мас ер адам елді дүрліктірді (видео)

Рассказать Вконтакте

Мәскеуде араққа сылқия тойған ер адам газ тапаншасынан балалар алаңында оқ атты деп хабарлайды vesti.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Мәскеуде мас ер адам балалар алаңында оқ атты

Көрнекі сурет: ncuxolog.ru

Оқиға орнына жеткен полицейлер күдіктіні құрықтаған. Бұзақылық жасаған 46 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

ІІМ-гі бұзақы балалар жүрген алаңда бірнеше рет оқ атқанын хабарлады.

Үй сыртында тұрған бейнебақылау камерасы оқиғаны түсіріп алған. Одан ер адамның үйінен теңселіп шығып, жоғарғы сынып оқушыларымен сөйлеседі. Кейін балалар ойнап жүрген алаңға барғанын байқауға болады.

Сол сәтте бірнеше оқ атылып, балалар жан-жаққа қаша жөнеледі.

Содан кейін тәртіп бұзушы үйіне қарай кетеді. Қайтқан кезде оның қолынан видеода тапанша анық көрінеді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel