RU
Алматыда ер адам балалар алаңында асылып қалды
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда ер адам балалар алаңында асылып қалды

Рассказать Вконтакте

Алматыда балалар алаңында ер адамның денесі табылды. Алдын ала мәліметке сәйкес, ол өз-өзіне қол салған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: belnovosti.by, pixabay.com. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: belnovosti.by, pixabay.com. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Бүгін әлеуметтік желілерде Үлкен Алматы өзенінің маңында орналасқан балалар алаңында ер адамның асылып қалғаны жөнінде ақпарат тарады.

Құқық қорғау органдары оқиғаның болғанын растады.

Қалалық полиция департаменті Zakon.kz сайтына қайғылы жағдайдың 20 мамыр күні Бостандық ауданында орын алғанын мәлімдеген.

Анықталғандай, 55 жастағы азамат өз-өзіне қол салып, өлім алдындағы хатын қалдырған.

Қазіргі таңда, өлімінің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel