Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ баласы Apple компаниясының жұлдызы болды (фото)

Опубликовано:

Елордалық саябақта ойнап жүрген бала әйгілі Apple компаниясының жұлдызына айналды. Танымал америкалық компания қазақстандық фотографтың Нұр-Сұлтанда түсірген суретін өзінің Instagram парақшасында жариялаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.com/m1dwaaay
Фото: instagram.com/m1dwaaay: Instagram

Аталмыш суретте жасөспірімнің субұрқақты безендіріп тұрған кесеге шығып бара жатқаны бейнеленген.

Apple компаниясына Дархана Жағыпаровтың фотосы ұнап қалғаны соншалық, олар тіпті суретті өз парақшасында жариялау үшін арнайы рұқсат сұраған.

"Біз бұл суретке ғашық болдық. Бұл фото біздің парақшамыздың таптырмас бөлшегі бола алатын еді" , - деп жазған компания өкілдері.

Қазақстандық фотограф өз кезегінде, бұған қатты таңғалып, біразға дейін өз-өзіне сене алмағанын жеткізді.

"Бүгін маған өзімде ерекше сезінуге мүмкіндік берген сіздерге рақмет" , - деп жазды Дархан.

Фото елорда атауы өзгермей тұрып жарияланғандықтан, оны "Астана" белгісімен жарияланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1795162-kazak-balasy-apple-kompaniasyny-zldyzy-boldy-foto/

pixel